«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Италия туры

Бүгін велоспорттан “Джиро д’Италия” грандтуры басталды. 15 қазанға дейін созылатын велокөпкүн­дікте “Astana Pro Team” велоклубы да спортшылары бақ сынайды.

Биылғы жарысқа клуб өкілдері арасынан Якоб Фульсанг, Александр Власов, Мигель Анхель Лопес, Юрий Натаров, Мануэле Боаро, Фабио Феллине, Вадим Пронский және Оскар Родригес қатысады.

Аталмыш дүбірлі дода биыл 103-мәрте өткізіліп жатыр. Италия тас жолдарындағы дәстүрлі жарыста қазақстандық команда тәуір өнер көрсетіп жүр. Тіпті, “Astana Pro Team” үш рет жарыс жеңімпазы атанған. Атап айтсақ, 2008 жылы испаниялық Альберто Контадор, 2013 және 2016 жылдары италиялық Винченцо Нибали екі мәрте осы жарыстың бас жүлдесін олжалап, велоклуб абыройын асқақтатқан еді. Сонымен қатар жекелеген кезеңдерде басқа да велошабандоздарымыз тұғырдың биік сатысынан көріне білді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp