«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАНДИДАТТАР ҰСЫНУ АЯҚТАЛДЫ

Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттардың 99 пайызы жоғары білімді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. Оның атап өтуінше, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

“Кандидаттарды ұсыну іс-шаралары Конституцияға және сайлау заңнамасына толық сәйкестікте өтті. Орталық сайлау комиссиясына барлығы 6 саяси партияның: “Нұр Отан” партиясының, Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясының, “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясының, Қазақстан Коммунистік халық партиясының, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының және “Бірлік” саяси партиясының тізімдері, жалпы саны 234 кандидат ұсынылды. Қазіргі уақытта “Нұр Отан” партиясының, “Ақ жол” ҚДП-ның, “Ауыл” ХДПП-ның және ҚКХП-ның партиялық тізімдері тіркелді”, – деді Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның атап өтуінше, олардың құрамында 10 ұлттың өкілдері бар 203 кандидат қамтылған. Тіркелген кандидаттардың 80 пайызы – ер адамдар және 20 пайызы – әйел адамдар. Өз партиялық тізімін тіркеген партиялар сайлау қорларына қаражат жинау үшін арнайы шоттарды ашу жөнінде жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар саяси партиялардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тіркеу жүргізілуде.

“ҚазАқпарат”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp