«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Карантиндік стационарға ұшақ жолаушылары түскен жоқ

Бүгін Нұр-Сұлтанға барлық әуе рейстерінің жолаушылары ПТР-тест анықтамаларымен келді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.

“27 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына Түркиядан 138 әуе жолаушысы келді, оның ішінде Қазақстанның 101 азаматының барлығы COVID-19 ПТР анықтамасымен келді. Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік стационарына бүгін ешбір жолаушы түскен жоқ”, деді С.Байғабылов.
Айта кетейік, Қазақстанға келетіндерден, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан ПТР-анықтама талап ету бойынша шектеулер енгізілді.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp