«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ ДЕГЕН НЕ?

Қазіргі таңда тұтынушылар “кепілдік мерзімі” деген тіркесті жиі көреді. Көп жағдайда олар кепілдік мерзімді жарамдылық мерзімімен шатастырады және осы санаттар арасындағы айырмашылыққа аса мән бермейді. Осы орайда, қоғамда кепілдік мерзім мен оның пайдасы туралы түсінік қалыптастыру біздің міндетіміз болып саналады.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы №274-IV Заңының 1-бабына сәйкес кепілдік мерзім тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда оның сапасына сатушы (дайындаушы, орындаушы) кепілдік беретін уақыт кезеңі болып табылады. Бүгінгі таңда тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестікті қалыптастыруда жиһаз, тұрмыстық немесе компьютерлік жабдыққа кепілдік мерзімін белгілеу әдеттегі құбылыстың біріне айналды. Дайындаушы тауарларға кепілдік мерзімін белгілеуге құқылы. Егер өнімде ақау болса, заңда көрсетілгендей, олар тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға міндетті. Сатушы, дайындаушы көрсеткен кепілдік мерзімін кемітуге емес, ұзартуға құқылы. Кепілдік мерзімді белгілей отырып, өндіруші немесе сатушы өнімдердің сапасын көрсетеді. Бұл оның дәлелі болып саналады. Тауардың немесе өнімнің әртүрлілігіне байланысты кепілдік кезең бірнеше ай мен жылға дейін белгіленеді. Егер екі жыл ішінде сатылған тауарларда кепілдік мерзімі болмай, ақау анықталған жағдайда туындаған кемшіліктерге байланысты талаптар тұтынушымен жасалуы мүмкін. Дайындаушы (сатушы) келісімшартта көрсетілген бұйымға қарағанда, жиынтық өнімге аз уақыт кепілдік мерзімін ұсынады.  

Мәселен, кіржуғыш машинаның (негізгі өнім) кепілдік мерзімі 5 жыл делік, ал оның электр қозғалтқышының (жиынтық өнім) кепілдігі 3 жылды құрайды. Бұл жағдайда тұтынушы негізгі өнімнің кепілдік беру кезеңінде анықталған жиынтық өнімнің кемшіліктері туралы талап қоюға құқылы. Егер келісімшартта жиынтық өнімнің кепілдік мерзімі негізгі өнім үшін қойылған кепілдік мерзімнен ұзақ болып, жиынтық өнімнің ақауы анықталып, негізгі өнімдерге кепілдік беру кезеңінің өткеніне қарамастан, тұтынушы тауардың кемшілігі туралы талап қоя алады.

Заңның 17-бабына сәйкес егер тауарға кепілдік мерзім белгіленген болса, тұтынушы тауардағы анықталған кемшіліктерге қатысты талаптар қоюға құқылы. Тауар сатып алған кезде тұтынушылар сатып алу бағасын мөлшермен кемітуді, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды, тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсалған өз шығыстарын өтеуді, соған ұқсас маркалы тауарға ауыстыруға, сатып алу бағасын қайта есептей отырып, басқа маркалы сондай тауарға ауыстыруды, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап ете алады. Сатып алушы кемшіліктерді байқаған жағдайда тұтынушы жоғарыда көрсетілген талаптарды талап етуі қажет. Егер тауарға қосымша тексеріс (сараптама) қажет болмаса, онда сатушы сол затты жедел ауыстыруы керек. Егер шартта қарастырылмаса, кепілдік мерзім тауарды сатып алған күннен бастап қайта есептеледі. Сараптама барысында анықталған барлық шығындарды сатушы (дайындаушы) толығымен қайтаруға міндетті. Белгілі бір жағдайларда ғана сатушы өзінің міндетінен құтыла алады.

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабына сәйкес тұтынушы өз мүддесін қорғау үшін кез келген тұлға сотқа жүгіне алады. Сонымен қатар, тұтынушылар жеке және (немесе) заңды тұлғалармен азаматтық, басқа да құқықтық қатынастан пайда болатын дауларды (жанжалдарды) шешу үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктеріне, медиациялық қызметке жүгінуге құқылы.

Азаматтар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы жөніндегі басқа да мүдделі мәселелер бойынша 8 (7152) 52-14-36 «қауырт желі» телефонына, сонымен қатар қалалық және облыс аудандарында орналасқан аумақтық басқармаларға шағым түсіре алады. Қажетті ақпараттың барлығы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің арнайы байланыс ақпарат интернет-ресурсында көрсетілген.

Татьяна ГОРЛОВА,

Солтүстік Қазақстан облысы

тұтынушылардың құқықтарын

қорғау департаменті

басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp