Облыс орталығындағы Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада коворкинг орталық ашылды. Жастарға арналған алаң заман талабына сай жабдықталған. Онда жас буын кітап оқып, шығармашылықпен айналыса алады.
Коворкинг орталықта кешкі сағат 18.00-ден 21.00 аралығында қызықты іс-шаралар өткізіледі. Жастар түрлі аспаптарда ойнап, әдеби кештерге қатысады. Коворкинг орталықтың жанынан «Family start» клубы да құрылды. Мұнда аптасына бір рет жастарға отбасылық құндылық және бала тәрбиесі жайында дәрістер оқылады.
– Халықаралық отбасы күні аясында «Modern Qazaqstan» қоғамдық бірлестігімен бірлесе осындай клуб аштық. «Family start» клубы – жастар өз ойларын айтатын алаң, – деді облыстық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Гүлдана Рысбаева.