«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Коронавирус жұқтырған 92 адамның жағдайы нашар

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиялық жағдайға байланысты соңғы деректермен бөлісті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 92 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp