Іс білетін адамға ауылда да кәсіп ашып, табыс табудың түрлі жолы бар. Бүгінде елді мекендерде шаруаның тізгінін ұстап, төрт түліктен несібе айырып отырғандар көп. Есіл ауданының екі тұрғыны сол малдың өнімін өңдеп, табысты тауарға айналдырудың тың жолып тауыпты. Тоңмайдан жасалған «Есіл» сабындары жақын маңдағы жұртқа түгел танылған.
Аталған кәсіпорынды жергілікті тұрғындар ашқан. Бүгінде олардың өнімдері Петропавл, Көкшетау, Астана қалаларында сұранысқа ие. Шаруашылық сабынын өндіретін шағын зауыт ауданның құрметіне «Есіл» деп аталыпты. Явленка ауылындағы өндірісті ауыл тұрғындары Гүлістан Жарасбаева мен Ақнұр Ерғалиева 2023 жылы өз қаражаттарына ашқан. Бүгінде мұнда апта сайын 250 сабын шығарылады.
– Сабынды табиғи қоспалардан жасаймын. Өнімнің 80 пайызы табиғи майдан тұрады. Хош иістендіргіштер қосамыз. Шикізат сапасын үнемі бақылауда ұстаймыз. Соның арқасында халық арасында сұранысқа ие пайдалы өнім шығарып отырмыз, – дейді…
Былтыр өнім кәсіпкерлер арасында өткен «Бір ауыл – бір өнім» байқауында жоғары бағаланып, табыс кілтін тапқандарға бағалы сыйлық табысталыпты.
Диас АЯҒАН,
«Soltüstık Qazaqstan».