С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Ұлттық кітап күніне орай іс-шара өтті. Рухани шараға өңір кітапханаларының қызметкерлері, жергілікті ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысты.
Жиынды ашқан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдіриисов жиналғандарды осынау айтулы күнмен құттықтап, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды. Шара қонағы – жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменов сөз сөйлеп, мерекенің маңызы зор екенін айтты. Өзге қатысушылар да жылы лебіздерін білдіріп, өлең оқып, ән салды.
Қонақтар мәдениет ошағының бөлімдерін аралап, кітап көрмелерімен, жаңа туындылармен танысты. Кітапхана қызметкерлері келушілерге «AI ZHAN» жаңа кітапхана ассистентін таныстырды. Ассистент кітапханашының жұмысын жеңілдетіп, оқырманға керек ақпаратты оңай табуға мүмкіндік береді. «Maker Space» алаңындағы 3D принтерді қызықтаушылар да көп болды. Оқырмандарға жұмысшы мамандықтар әлемін паш ететін арт-галерея ұсынылды. Мерекелік кітап көрмесіне мыңнан астам әдебиет қойылды.
Қайыржан МӘЛІКОВА,
С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.