Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері ауыр қылмыстың ізін суытпай ашты.
Облыс орталығындағы дүкендердің бірінде қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген жас жігіт сауда нүктесіне баса-көктеп кіріп келіп, сатушыға бірнеше ауыр пышақ жарақатын салған. Кассадағы ақшаны қолды қылғаннан кейін бірден табанын жалтыратқан. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының жеке бақылауына алынған қылмыс үш тәулік ішінде ашылды.
Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталып, ол қылмысын толық мойындады. Күдікті уақытша оқшаулағыш абақтысында отыр. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.
(Өз тілшіміз).