«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күзет қызметкерлері 255 заң бұзушыны құрықтады

Солтүстік Қазақстан облысында 111 жекеменшік күзет агенттігі бар. Олардың көбі полициямен бірлесе жұмыс істеп, құқық тәртібін сақтауға атсалысады.

Түрлі дабылдар түскенде жекеменшік күзет агенттіктерінің 36 ұтқыр экипажы оқиға орнына жедел жетеді. Ал дабыл түспегенде олар өздерінің участоктарында патрульдік жұмыстар атқарады.
Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық жекеменшік күзет құрылымдарының көмегімен 255 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды және 15 ұры құрықталды. “Күзет құрылымдарын пайдалану – көптен бері тәжірибеге енгізілген. Бірақ кейбір суыққолдылар күзетшілердің бар екеніне де қарамай қылмыстық әрекеттерге барады. Мәселен, жуырда ғана қаладағы супермаркеттердің бірінде бір суыққолды азамат біреудің жәшікке тастап кеткен заттарын ұрламақ болды. Оны күзетші дер кезінде құрықтап, полицияға тапсырды. Осындай мысалдар өте көп”, дейді облыстық полиция департаменті күзет істері бөлімінің бастығы Руслан Данияров.
Жуырда саяжайға түскен бір ұрыларды “Черный ястреб” күзет агенттігінің қызметкерлері құрықтап, қарсылық көрсеткен суыққолдыларды сабасына түсіріп, полицияға тапсырды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp