«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙГЕН ЖЕРГЕ ҚАЙМАҚ ЖАҒУҒА БОЛА МА?

Тері күйген кезде дұрыс ем болма­са, жара асқынуы мүмкін. Осы ретте дәрігерлер күйікке жеңіл-желпі қарауға болмайтынын ескертеді. Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданының 77 жас­тағы тұрғыны моншаға түскенде пешке құлап, аяғын күйдіріп алған. Ер адам өздігінен емделмек болған. Алайда жа­расы ушығып, ол ауруханаға түсті.

Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем аурухана­сының мәліметінше, ауыл тұрғыны тек сегіз күннен кейін ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ауруханаға түскенде дене қызуы және жай-күйінің нашар­лауы сияқты белгілер болған. Ер адам­ның сол жақ санының 3 пайызы күйіп, арты инфекцияланған жараға ұласқан. Дәрігерлер сырқаттың жарасына тиісті ем-дом жасады. Қазір ол стационарда емделіп жатыр, жағдайы жақсарды.

Дәрігерлер кішкентай күйік үлкен жараға айналмауы үшін қарапайым ережені есте ұстау қажеттігін ескертеді. Күйік орны дұрыс зарарсыздандырыл­ған кезде оңай емделеді. Алайда өзін-өзі емдеген жағдайда асқынып кетуі әбден мүмкін.

Мамандардың айтуынша, күйік шалған кезде мұз басуға болмайды. Бұл жағдайда тіндер өліп, тамырлар тарты­лады. Жақпа май, крем немесе қаймақ жағуға болмайды. Олар диагностиканы ауырлатады, инфекция тудыруы мүмкін, дәрігерлерге жараны емдеуге кедергі келтіреді.

Күйген жерді таңғышпен де орауға болмайды. Ол жараның тез жазылуына кедергі келтіреді. Жабысқан киімді жұ­луға болмайды. Күйіктің айналасында­ғы матаны ақырын кесіп алып, дәрі­гердің көмегіне жүгінген дұрыс. Күйік шалған кезде зақымданған жерді сал­қын (мұздай сумен емес) сумен 10-15 минут бойы шаю керек. Микроб түспеуі үшін таза, құрғақ жеңіл дәкемен жауып, дәрігерге көрінген жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp