«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күлкіге қарық қылды

Жастар сарайында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогына арналған оныншы халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы фестиваліне еліміздің Астана, Орал, Көкшетау, Қостанай, Ресейдің Омбы қаласының жастарынан құралған 12 команда қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Гран при Орал қаласының талантты жастарынан құралған “ҚазИИТУ” командасына бұйырды, Петропавл қаласы Әскери институтының “Ұлттық ұлан” құрамасы бірінші орынды иеленді, екінші орынды Көкшетау қаласынан келген “Жұрттың балалары” командасы еншіледі, петропавлдық “Еркін құрама” жүлделі үшінші орынға табан тіреді. С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның “Классика” командасы кіші кубокты иеленді.

Түрлі аталымдар бойынша да үздіктер марапатталды. Ақмола облысының “Ақ орда” құрамасының мүшесі Заманбек Жұмаханов “Үздік ойыншы”, қалалық классикалық гимназия әзілкеші Арлан Темірболат “Ең жас жайдарманшы” аталымдарында жеңімпаз, Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернатының “Дарын стайл” командасы “Болашағы жарқын құрама” деп танылды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар облыс әкімінің кубогымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp