«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮН ҰЛЫ

Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.

Мағжан Жұмабаев.

“Мен келемін, мен пайғамбар – Күн ұлы!”

Жүрегіне қонақтаған күн нұры.

Дарқан дала төсін жырға толтырар,

Жанды қозғар домбыраның күмбірі.

Көкте Күн боп көпке нұрын шашатын,

Жақсыларға жан сарайын ашатын.

Сұңғыла ой сәуле құйған санаға,

Санасыздар Пайғамбардан қашатын.

Күншығыстан таңмен бірге келетін,

Таңсық етіп ғажап, сұлу келбетін.

Гуннен туған ұл еліне бағыттар,

Алтын сызық нұрландырар жер бетін.

Күннің ұлы қара түнді аластап,

Жын-періні түсірді шын таласқа.

От боп ойнап, жер жүзіне нұр төкті,

Жырларымен қуат берді Алашқа.

“Күннен туған, гуннен туған Пайғамбар”,

Өзіңдей дәл Күннің ұлы қайда бар?!

Рухы биік жырларыңа бас ұрар,

Мінәжатпен көкке қолын жайғандар.

Гүлбақыт ҚАСЕНОВА,

II орын иегері.

 Алматы қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp