«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Көгілдір отын” ерте келуі мүмкін

“Сары-Арқа” магистральды газ құбырының құрылысын өңірде 2025 жылы емес, келер жылы бастау жоспарланып отыр.

Бастапқы жоспар бойынша “көгілдір отын” облыс аумағына 2025-2026 жылдары жетуі тиіс болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес бұл мерзім алға жылжытылды. Қазіргі уақытта газ құбырының құрылысын 2021-2022 жылдарға ауыстыру мәселесі талқыланып жатыр. “Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл учаскесінде “Сары-Арқа” магистральды газ құбыры құрылысының ІІ және ІІІ кезеңі” жобасына техникалық-экономикалық түзетулер енгізіледі. Кейін құжат мемлекеттік сараптамаға жіберіліп, ауқымды жобаны қаржыландыру мәселесі талқыланады.
Жобаға түзету енгізу барысында “Сары-Арқа” магистральды газ құбырын тартудың ең оңтайлы бағыты таңдап алынып, республикалық автомобиль жолы бойымен жүргізілмек. Нәтижесінде жолдағы Тайынша, Аққайың және Қызылжар аудандары газбен қамтамасыз етіледі. “Көгілдір отын” құбырларын жеткізу нәтижесінде 457 мың тұрғыны бар 103 елді мекеннің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарады.
Жеке тұрғын үйлердің 75 мыңы газға көшетіндіктен, өңірдің экологиялық жағдайында да оң ахуал қалыптасады. Сонымен қатар экономиканың дамуына, оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады.

Аслан ТІЛЕУКИН,
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
басқармасының бөлім жетекшісі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp