Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп, көлік жолын су басып қалды.
«Челябинск-Новосібір» автомобиль жолы «Мамлютка айналма жолы» учаскесінің 525-529 шақырымында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Көліктер бұл бағытта «Петропавл айналма жолы» арқылы жүруі керек. Ескерту белгісі мен сигнал жазбалар орнатылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Солтүстік Қазақстан облысына құтқарушылардың болжамынша су тасқынының екінші толқыны келе жатыр, алайда ол біріншісіне қарағанда әлдеқайда әлсіз болмақ.
www.inform.kz