«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЛІК ИЕЛЕРІНІҢ ҚАРЫЗЫ

“ANTIKOR” орталығында өт­кен брифингте облыстық мем­лекеттік кірістер департа­мен­тінің басшысы Төлеген Қаб­дөшев жеке тұлғалар­дың көлік құралдарына салынатын са­лық жайында түсінік берді. Оның айтуынша, 92 мың жеке тұл­ғаның атына 136 мың көлік тіркелген. Олардың 10 мыңға жуығы заңға сәйкес салықтан босатылған.

– ҰОС-ның ардагерлері және же­ңілдіктері бойынша соларға те­ңес­тірілген ардагерлер, басқа мем­ле­кет­тердің аумағында со­ғыс­қан май­дангерлер, көпбалалы ана­лар, ба­тыр аналар, “Ал­тын алқа” және “Кү­міс алқа” ие­гер­лері, мүгедектер кө­лік салығынан босатылады,– деді Төлеген Қабдөшев.
Өткен 9 айдың ішінде бюджет­ке 642 млн. теңге салық түскен. Са­лық амнистиясын пайдалан­ған 11 мың адам 180 млн. теңге негізгі қа­рызын жапқан. Нәтиже­сін­де олар­дың 20 млн. теңгеге жуық өсімпұлы кешірілген. Алай­да, атқарылған жұмыстарға қара­мастан, 21 мың солтүстікқазақ­стан­дық әлі 467 млн. теңге қарыз.
25 тамыздан елімізде жеке тұл­ғаларға салықтық амнистия қа­рас­тырылғаны белгілі. Осының ая­сын­да азаматтар мүлік, жер жә­не көлік салығының негізгі қары­зын жапқан жағдайда, өткен жыл­дар­дағы өсім­пұлдары кешіріледі. Бұл мүмкіндік жыл аяғына дейін беріл­ген.
Армениядан әкелініп, тіркел­ген көліктердің иелері де салық тө­леуге міндетті. Бірінші маусым­нан бастап өңірімізде 336 автокөлік тіркелді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp