«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Өңіріміздің орта және шағын бизнес өкілдері бұрнағы күні Қарағанды облысының Шахан кентінде қираған тұрғын үйден зардап шеккен азаматтарға 2,5 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті.

– Бұл шара қиындыққа тап болған қарағандылықтарға қолдау көрсетуді көздеген Петропавл мен қала маңында орналасқан аудандардағы қамқор жандардың демеушілігімен іске асырылды. Атап айтқанда, 1,8 мың тонна ұн, 350 килограмм сиыр және қой етін, сондай-ақ, басқа да тұрмыста күнделікті тұтынатын заттарды жібердік, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров.

Гуманитарлық көмек ретінде жіберілген азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық бұйымдар екі жүк көлігіне тиелді.

Естеріңізге сала кетсек, Шахан кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің орталық жылыту қазандығы жарылып, кіреберісі опырылып түскен. Осылай бір түнде 9 тұрғын – алты ересек пен үш бала қаза тапқан болатын. Апатқа душар болған үйдегі 50-ден астам отбасы әлі де туыстарын паналап жүр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp