«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПСАЙЫСТА ТОП ЖАРДЫ

Мамлютка қаласында “Солтүстік” ауылдық спорт мерекесі аясында қысқы президенттік көпсайыстан облыс біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа барлық аудандардан және Петропавл қаласынан 150-ден астам спортшы қатысты.  

Жарыс қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Ал екінші және үшінші орындарды Мағжан Жұмабаев және Тайынша аудандарының командалары өзара бөлісті.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp