Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 25-тен аса ұрлық жасаған қырық жасар азаматтың қолына кісен салды. Көбінесе рецидивист-ұры жасаған құқық бұзушылықтары сотта кешіріліп отырған, сондықтан оған қатысты қылмыстық істер екі жақтың келісімімен аяқталып келген. Қазір ол Якорь ауылында шаруашылыққа қажетті түрлі заттар мен азық-түлік ұрлады деген күдікке ілініп отыр.
Полицейлер ұрланған заттың бір бөлігін иелеріне қайтарды. Қылмыстың екі ай бұрын жасалғанына қарамастан, ұрланған заттарды сатып алғандар анықталды. Спиннинг пен болгарка сол ауылдың тұрғынынан шықты. «Күдік туғызатын затты сатып алмас бұрын, ұрланған зат анықталған жағдайда сатып алушы ақшасынан, сондай-ақ затынан айырылып қалуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Одан бөлік, ұрланған затты сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», – дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Қазіргі уақытта екі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Артында криминалдық әрекеттері бар ауыл тұрғынына қатысты бұлтартпау шарасының мәселесі шешілуде.