«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Бескөл ауылында “Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн акциясының оныншы күні “Қазақстан Республикасы Президентінің институты” атауымен аталып өтті.

Орталық алаңға тігілген киiз үйлер ежелгі Қызылжар жәрмеңкесін еске түсіргендей болды. Себебі, жергілікті саудагерлердің, қолөнершілердің саудасы қызды. Керегін тауып, қалағанын сатып алған бескөлдіктер қазақтың сары бауырсағынан, өзбектің палауынан, орыстың құймағынан ауыз тиіп, самауырдан құйылған ыстық шайды ішіп, қыстың ызғарынан тоңазыған бойларын жылытты.

Сондай-ақ, Қызылжар аудандық Мәдениет үйiнiң өнерпаздары, “Мрия” халықтық ансамблi, Березовка және Рассвет ауылдық округтерiнiң вокалдық топтары мен “Славянка” шығармашылық ұжымының өнері мерекелік көңіл-күйді одан әрі асқақтатты. Көңілі көтерілген бескөлдіктердің қатысуымен спорттық ойындар мен жарыстар да ұйымдастырылды. Әсіресе, жиналған қауым ұлттық спорт түрлерi жарыстарына белсене қатысты.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp