«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.  

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Үрімші қаласында 22 мамырда болған террорлық оқиға салдарынан көптеген кінәсіз жандардың құрбан болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылады.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге, сонымен қатар қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.

“Қазақстан елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Қытаймен тығыз ынтымақтастыққа әрқашан дайын екендігін атап айтқым келеді”, – делінген жеделхатта.

Ақорда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp