Жеңіл салмақтағы “UFC” чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Турнир қыркүйектің 7-сі күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де басталады.
Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Дастин Порье болса, 25 кездесуде жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген.
Ресейлік спортшы чемпиондық атағын сәтті қорғаған жағдайда 1 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс табуы мүмкін. Хабиб бұған дейін ирландық файтер Конор МакГрегорды жеңгені үшін 2 миллион АҚШ долларын алған болатын.