Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекет және қоғам қайраткері Анатолий Башмаковқа Президенттің Алғыс хатын табыстады.
– Бұл марапат – оның ел дамуына, өңірдің өркендеуіне, ұлтаралық келісім мен достықты нығайтуға қосқан көп жылғы жемісті еңбегіне жоғары баға. Қазақстан халқы Ассамблеясындағы және білім беру саласындағы қызметі – Отанға адалдық пен патриотизмнің жарқын үлгісі, – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.
Анатолий Башмаков – экономика ғылымдарының докторы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор, 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Парламент Сенатының депутаты ретінде еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосты.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».