«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛАҢКЕСТІК ҚАУІПТІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

Лаңкестік актісі қатерінің туындауы туралы халықты ақпараттандыру мақсатында лаңкестік қауіптіліктің бірқалыпты (“сары”), жоғары (“қызғылт сары”) және шекті (“қызыл”) деңгейлері орнатылуы мүмкін.

Бірқалыпты деңгейде мынадай іс-әрекеттер ұсынылады:

1. Қоғамдық орындарда болған кезде айналадағылардың әрекеттерінің оғаштығына және сыртқы түріне, иесіз күдікті заттар мен автокөліктерге назар аудару.

2. Барлық күдікті жағдайлар жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлау.

3. Полиция тарапынан белсенді іс-әрекеттерге түсіністік білдіріп, оларға көмек көрсету.

4. Күдікті заттарды уақытша сақтау және тасымалдау үшін қабылдамау.

5. Күдікті заттарға жақындауға, қозғалтуға және ашуға тыйым салынады.

6. Отбасындағы қарттар мен балаларға барлық табылған иесіз заттар олардың өміріне қауіп төндіретіндігін түсіндіру.

7. Облыс аумағында орын алған оқиғалар жөнінде хабардар болу.

Жоғары деңгейде ұсынылады:

1. Халық көп жиналатын орындарға баруды шектеу.

2. Полиция қызметкерлерінің талабы бойынша жеке куәлікті немесе басқа да құжаттарды көрсету.

3. Қоғамдық ғимараттарда болғанда өрт кезінде қолданатын қосалқы шығу есіктерінің және көрсеткіштердің орналасуына көңіл аудару.

4. Тұрғын үйлердің маңындағы бейтаныс адамдар мен автокөліктерге көңіл аудару.

5. Аса үлкен заттарды өзімен бірге тасымалдаудан бас тарту.

6. Төтенше жағдай туындаған жағдайда отбасы мүшелерімен іс-әрекеттер жоспарын талқылау.

Шекті деңгейде бірқалыпты және жоғары деңгейлерде атқарылатын іс-әрекеттерден басқа мыналар ұсынылады:

1. Тұрып жатқан үйдің тұрғындарының кезекшілігін ұйымдастыру, бөтен адамдар мен автокөліктердің пайда болуына көңіл аудару.

2. Лаңкестік қауіптіліктің деңгейі орнатылған аудандарға жол жүруді кейінге қалдыру.

3. Эвакуациялануға дайындалу.

4. Лаңкестік актісі жасалған орында дүрбелеңге жол бермеу, қызығушылық танытпау, бейне және фототүсірілім жүргізбеу.

5. Теледидар немесе радиоқабылдағышты үнемі қосылған күйде ұстау.

6. Лаңкестік актісінің қаупі жөнінде жалған ақпаратты таратпау.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp