Полиция старшинасы Манат Смағұлов жол-патрульдік полиция қызметкерлері арасында үздік деп танылды.
«Өз мамандығының үздігі» деп аталған байқау Қазақстан полициясының 25 жылдығы құрметіне өткізілген болатын. Облыс полицейлері екі күн бойы құқықтық-нормативтік актілерден білімдерін, мергендік, дене дайындығы, жекпе-жек, алғашқы медициналық көмек көрсетуден кәсіби шеберліктерін сынады.