«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас күйде көлік тізгіндеген әкім жұмыстан босатылды

Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің әкімі көлік тізгініне мас күйде отырғаны үшін жұмыстан шығарылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департа­ментінің мәліметінше, оқиға биыл 27 қаңтарда сағат түнгі 22:30 шамасында Көкшетау қаласында болған.

Тәртіп сақшылары аула­лар­дың бірінде “Лада 21713” көлігін тоқтатады. Рөлде Та­йынша ауданы Чкалов ауыл­дық округінің әкімі Сәкен Сәдуақасов болған. Меди­ци­налық куәландыру оның ішім­дік ішкенін көрсетті. Заңға сәйкес мемлекеттік қыз­метші 15 тәулікке қамауға алы­нып, 7 жылға көлік басқару құ­қығынан айырылды.

Әдеп кодексін өрескел бұз­ған Сәкен Сәдуақасовтың ісі әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Әкім өз кінәсін мойындады.

“Тайынша ауданының әкіміне Чкалов ауылдық округінің әкімі С.Т.Сәдуақасовқа заңды күшіне енген сот актісі­мен дәлелденген Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін жұмысынан босату тү­ріндегі тәртіптік жаза қолда­нуды ұсынамыз. Ол жалпы қа­былданған моральдық-этикалық нормаларды бұзып, қо­ғам­ға жат мінез-құлыққа жол берді, жұмыстан тыс уақытта мас күйде автокөлікті басқа­рып, жол қозғалысының қа­тысушыларына қауіп төндір­ді”, – дейді депар­таменттің бас ма­маны Абзал Оразым­бетов.

Бұл биылдыққа рөлге мас күйде отырып, жұмысынан айы­рылған екінші ауылдық округ әкімі. Жалпы облыста әдеп жөніндегі кеңесте жыл ба­сынан бері онға жуық тәртіптік іс қаралды. Мемлекеттік қыз­метшілердің бесеуіне тәртіптік жаза қолдану және төртеуін жұмыстан босату ұсынылды, біреуіне қызметіне сәйкес емес деген шешім шыға­рылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp