Петропавл қаласында велоспорттан полиция полковнигі, КСРО-ның спорт шебері Владимир Мезевті еске алуға арналған маутингбайктен облыс біріншілігі басталды. Аталмыш шараға 70 жасөспірім қатысуда.
Екі жас тобында сайысқан спортшылар маутингбайктің “ХСЕ” және “ХСО” кезеңдерінде үздік атануға тырысып бақты. Атап айтқанда, 2002 жылы туғандар мен олардан үлкен балалар арасында – Никита Коняев пен Владимир Мулагалеев, ал 2001 жылғы және одан кіші жастағылар арасында Никита Кабачек пен Александр Семенов жеңімпаздар атанды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.