«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАШЫҚТАНБАҒАН ЗИЯН ШЕГЕДІ

Өрт сөндіруге машықтану керек. Осы мақсатпен Петропавлдағы жүйкесі зақымданған аурулардың интернат-үйінде «шыққан өртті ауыздықтауға» облыс орталығының өрт сөндіру қызметінің жасақтары келіп жетті. Мұндағы жағдай анық өртке ұқсас болды.

Жаттығуды ұйымдастырушылар электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан өртті сөндіруді қарастырған еді. Соған орай 310 науқас пен 90 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді.

Сарапшылардың пікірінше, жаттығу нәтижелері ойдағыдай болып, жасақтар шапшаң да оңтайлы қимыл танытты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp