«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЖЕ ЖАҚЫН

Облыста орақ науқаны аяқталуға жақын. Өңір диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарын алдағы аптада еңсермек. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңірдегі 2861 мың гектар жерге егілген дәнді дақылдардың 87,9 пайызы орылған. Қазіргі уақытта оның 2514,1 мың гектары бастырылып, 3947,1 мың тонна алтын дән қамбаға жеткізілген. Облыс бойынша гектар шығымдылығы орта есеппен 15,7 центнерден айналуда. 

Диқандар 970 мың гектарға сіңірілген майлы дақылдардың тек 54,3 пайызын орып, оның үштен бір бөлігін бастырды.
Облыс бойынша 34 мың гектарға отырғызылған картоп жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Ал Ақжар ауданының шаруалары картоп алқабының 97,3 пайызының өнімін жинап алды.

Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústіk Qazaqstan”.

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp