«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Аяулы аналардың нәзік жүрегі сүйген жарына, пер­зентіне, туған жері мен Ота­нына деген махаббатқа толы. Тіршілік атаулыға ма­ғына, мән беріп, дүниені пәк қалпында ұстап тұрған – арулардың жүрегіндегі ізгі сезімдер. Сол үшін біз оларды ерекше құрмет­тейміз.

Қазақ әйелі – ең әуелі, ар­дақты ана, отбасының сақтау­шысы. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тә­рбие беру жолында жан жы­луы мен жүректегі мейрімін ая­ған емес. Балалар біздің бо­лашағымыз десек, аналары­мыз сол жас ұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адам­гершілік, имандылық пен отан­сүйгіштік сияқты асыл қасиет­терді дарытып жүр. Бүгінде елі­міздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар да баршылық. Спорт саласында үлкен жетістіктерге жеткен нәзік жандар қатары­ның жыл сайын көбейіп отыр­ғандығы да көңіл қуантады.
Қымбатты ханымдар! Сіз­дерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілей­мін! Жүздеріңізден күлкі, көңіл­деріңізден қуаныш кетпесін!

Алтынбек АУСАҒИТОВ,
“Қызылжар барысы” турнирінің жеңімпазы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp