Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің “Twitter“-дегі парақшасында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке қатысты пікір білдірді.
“Президент Сооронбай Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды”, – деп жазды Мемлекет басшысы.
egemen.kz