«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

“Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!”, деп жазды Президент.
Еске сала кетейік, 19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp