Облысымыздың қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш бірінші басшысы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына дейін өскен, бүгінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі (министр) қызметін абыроймен атқарып жүрген мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Даниал Ахметов 15 маусымда 60 жастың асқар биігіне көтерілгелі отыр.
Еліміздің Тәуелсіздігінің сындарлы шағында Даниал Кенжетайұлының Қызылжар өңіріне сіңірген өлшеусіз еңбегін естерінде сақтаған солтүстікқазақстандықтардың бәрі де Тұңғыш Президентіміз – Елбасының зор сеніміне ие бола білген асыл азаматтың мерейтойына орай оның есімін ерекше құрметпен еске алып, игі тілектерін арнары анық.