«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерейі үстем мұғалімдер

“Дарын” ғылыми-практика­­­лық орталығының ұйымдас­ты­руымен өткен республи­ка­лық “Үздік авторлық бағ­дар­лама” байқауының қо­ры­тын­ды­сын­да солтүстікқа­зақ­стан­дық мұ­ғалімдердің де мерейі үстем болды.

Талантты оқушылармен жұ­мыс істеудің тәжірибелік үлгі­ле­рін на­си­хаттауды діттеген кон­курсқа өңір­ден ұсынылған 27 ав­торлық бағ­дарламаның 22-сі ақ­тық кезең­ге жол­дама алып, түрлі марапат­тар­ды иеленді. Солар­дың қата­рын­да Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының орталығындағы Но­вои­шим қазақ мектебінің мұғалімі Әсемгүл Қо­жахметова мен “ЛОРД” дарын­ды балаларға ар­налған ли­цей-ин­тернаттың ұс­та­зы Марат Жә­пе­нов екінші орын­ды қанжыға­сы­на байласа, үшінші орынға Пет­ропав қа­ласындағы С. Шәймерде­нов атындағы клас­сикалық гим­назия­ның мұғалімі Клара Балабе­кова, Айыртау ау­даны №1 Сау­мал­көл орта мекте­бінің ұстазы Свет­лана Губанова лайық деп танылды.

Әсел МҰҚАШЕВА,

облыстық білім беру саласындағы әдістемелік және ақпараттық орталықтың аға әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp