Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!
Мемлекеттік мереке – Астана күні құтты болсын!
Қазақстандықтар үшін бұл – ерекше мағына мен мазмұнға ие айтулы мереке. Әрқайсымыз үшін Астана – мемлекетіміздің гүлденуінің және жаңаруының, қуатты жасампаздық әлеуетінің нышаны.
Астана – Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі таңда нәтижелі және тамаша жүзеге асқан ең үлкен де орасан зор жобасы.
Еуразия жүрегі – Астана шын мәнінде әлемде мәдениеттерді жақындастыратын және байытатын, жоғары инновацияларды өзіне тартатын, дипломатия мен халықаралық ынтымақтастықтың орталығы ретінде танылды.
Біздің тамаша елордамызды алда бүгінгіден де серпіндірек, кемелді ете түсетін талай жаңа табыстар мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін.
Қымбатты жерлестер! Бүгінгі мереке күні әрбір солтүстікқазақстандықтың отбасына мықты денсаулық, амандық-саулық және бақыт, туған Қазақстанымыз бен гүлденген әсем Астанамызға бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.