«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті ұстаздар, білім саласының қызметкерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлері!

Сіздерді кәсіптік мереке – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Педагог мамандығы әрдайым қоғамымызда ерекше құрметке ие.

Сіздердің игілікті және жауапты еңбектеріңіздің терең рухани маңызы бар. Сіздер балаларымызға тәрбие мен білім беріп, маңызды міндет атқарып жүрсіздер. Оларды адал және әділ болуға, дербес шешім қабылдай білуге үйретесіздер, шығармашылықпен ойлауды дамытасыздар. Шәкірттеріңіздің нағыз адам және өз елінің патриоты болып өсулеріне көмектесесіздер.

Бүгінде білім беру мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында оқыту стандарттарын жаңартуға, білікті кадрлар даярлау және жас қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға ерекше назар аударды.

Солтүстік Қазақстан облысында өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу ісіне өлшеусіз үлес қосып жүрген дарынды ұстаздар еңбек етеді. Сіздерге шабытты еңбектеріңіз бен өз өмірлеріңізді арнаған мамандыққа адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін.

Облыстағы білім саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлері ерекше құрметке лайық.

Қымбатты ұстаздар! Осы мерекелі күні Сіздерге мықты денсаулық, құт-береке, болашаққа сенім, шығармашылық шабыт пен табыс тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp