Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Шын мәніндегі ұлы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бұл – әрбір қазақстандық үшін ерекше күн, еліміздің өміріндегі маңызы аса зор оқиға. Тәуелсіздікке ие болуымыз төл тарихымыздың барысын алдын ала айқындап берді.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа мерзім ішінде ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырды.
Татулық, бірлік және тұрақтылық республикамыздың одан әрі гүлденуінің басты іргетасына айналды.
“Қазақстан – 2050” Стратегиясын, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру қазақстандықтардың болашаққа сеніммен қарауына ықпал жасайды.
Қымбатты жерлестер! Елімізде және өңірімізде болып жатқан барлық ұлан-ғайыр өзгерістер мен жетістіктер – егемен Қазақстан тарихының жарқын беттері.
Осы жылдарда қол жеткізілген жетістіктерімізді сақтау және еселеу – біздің ортақ міндетіміз.
Облысымыз бұрынғысынша туған еліміздің гүлденуі мен дамуына өзінің ерекше елеулі үлесін қоса беретініне сенімдімін.
Барша солтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, татулық, жақсылық, құт-береке және бақыт тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.