«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Табиғаттың оянуын және жаңаруын білдіретін бұл мереке адамдардың бойына мейірім шуағын төгіп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге деген құлшыныстарын арттырады.

Бағзы замандарда Наурыз мейрамын мерекелеу күндері руаралық келіспеушіліктер мен қақтығыстар тоқтатылып, дау-дамай мен алауыздыққа шектеу қойылған, реніштер кешірілген.

Қазіргі заманда да мейрам ерекше маңызға ие. Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен бірге қайта жанданған Наурыз әртүрлі этностар өкілдерінің бірлігі мен өзара түсіністігінің символына айналды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Наурыз мейрамының ұлы мұраты біздің еліміздегі бірлік пен келісімді сақтау екенін атап өткен болатын.

“Бейбітшілік пен тұрақтылық – бұл күн сайынғы еңбегімізбен қорғайтын және бекемдей түсетін жалпыхалықтық игілік”, – деді Елбасы.

Біздің халықтың ұйымшылдығы мен төзімділігі Қазақстанның серпінді және сенімді қадаммен дамуының негізіне айналды.

Елімізбен бірге біздің Солтүстік Қазақстан облысы да даму үстінде. Өңірде ірі әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар бой көтеріп, шағын және орта бизнес дамуда, мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылып, азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсаруда. Мұның бәрі – солтүстікқазақстандықтардың бірлескен тиімді жұмысының жемісі.

Қымбатты жерлестер!

Наурыз мейрамы шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бұл күндері біздің ортақ үйіміз – Қазақстанның әр шаңырағында шынайы және жылы лебіздер айтылып, отандастарымыз бір-біріне бейбітшілік пен игілік, бақ пен береке тілейді.

Сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен мықты денсаулық пен отбасылық шаттық, көктемгі көңіл-күй мен бақыт тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp