«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕССЕНДЖЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН АЛАЯҚТЫҚ

Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді, халықпен ақшалай есеп айырыспайды және соңғы кездері алаяқтық жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтар өзінің “құзыретін” дәлелдеу үшін жалған құжат көрсетеді.

Алаяқтар азаматтарды ал­дап, ақша жымқыру мақсатында өзін Ұлттық банктің қызметкері ре­тінде таныстырып жүргенін есте­ріңізге саламыз. Сонымен қатар бұл схемада “құқық қорғау неме­се арнайы органдардың қызмет­керлері” де айтылады. “Арнайы операция” немесе тексеру жүргі­зуді сылтау еткен алаяқтар іс-әрекетінің заңды екенін растау үшін қоңырау желісін “арнайы және құқық қорғау органдары­ның, Ұлттық банктің қызметкер­леріне” жалғайды, жалған қыз­мет­тік куәліктерді, нұсқаулық­та­ры бар хаттарды, сондай-ақ “қа­ра­жатты сақтандыру” және банк аударымдарын жүзеге асыру ту­ралы деректемелерді жібереді.

Мұндай құжаттарда көбіне несие қарызы немесе оның өте­луі, сондай-ақ қаражат айналы­мы туралы егжей-тегжейлі ақпа­рат болады. Қосымша құжат­тар­да Қазақстан Республикасы мем­лекеттік органдарының “уәкілетті тұлғаларының” қолы, аты-жөні, мөрі және басқа да растайтын деректер көрсетіледі.

Сондай-ақ кей жағдайда алаяқтар “WhatsApp” мессендже­ріндегі профильдерді “бұзып”, алаяқтық жасау үшін пайдалана­ды. Мессенджерді “бұзу” үшін олар ұтыс ойындары, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар туралы сауалнама, дауыс беру сияқты түр­лі сылтаумен таратылатын қа­уіпті сілтемелер жібереді. Хабар­ламаны алған адам сілтемені басқан кезде, алаяқтар “WhatsApp” мессенджеріндегі профильді иемденіп алады.

Әрі қарай алаяқтар профиль иесінің атынан оның жақын туыс­та­рынан, таныстарынан, доста­рынан немесе әріптестерінен әртүрлі сылтаумен қарызға ақша сұрайды. Қаржыны банк карта­сына немесе үшінші тұлғалардың шотына аударуды сұрап, жаппай хабарлама таратады.

Бұл ретте әңгіме немесе хат алмасу кезінде алаяқтар бастан-аяқ психологиялық қысым көр­се­теді, қоңырау желісін “Қазақ­стан Республикасы мемлекеттік ор­ган­да­рының қызметкерлеріне” жал­ғайды, Қылмыстық кодекстің баптарына сілтеме жасайды жә­не құпияны сақтауды сұрайды. Сон­дай-ақ, әңгіме кезінде қас­көй­лер ұялы телефонға келіп түс­кен хабарламаларды өздеріне жібе­ру­ді, қауіпті сілтемеге өтуді, қан­дай да бір қосымшаны жүк­теуді, мессенджерде жаңа функ­ция­лар­ды іске қосуды, құпия сөз, PIN-код немесе басқа да жеке деректерді айтуды өтінеді. Со­нымен қатар, алаяқтар мо­биль­ді банкингтің көмегімен ой­дан шыға­рылған тауарды сату, са­лық (қыз­мет) төлеу немесе банк шотына шектеу қою арқылы ақ­ша­ны он­лайн ұрлайды. Бұл ха­барлама­лар “электронды тұ­зақ” бо­лып шығады және айтыл­ған шот­қа өт­кен кезде, мобильді қосым­шада­ғы шоттан ақша ұр­ланады.

Осыған байланысты Ұлттық банк “құқық қорғау органдарының (Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті), Ұлттық банк қызметкерлерінен” қоңырау келіп түссе, әңгімелеспеуді ұсынады және қандай да бір мәселені рет­теуге, алаяқтарға қарсы “арнайы операция” жүргізуге атсалыспауға кеңес береді.

Егер сіз немесе танысыңыз алаяқтардың тұзағына тап бол­ған жағдайда, Қазақстан Респуб­ликасының құқық қорғау орган­дарына жүгінуді ұсынамыз. Қо­сымша кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарла­суға болады.

Данияр МАЕКЕНОВ,

Ұлттық банктің Солтүстік Қазақстан филиалы экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маманы-экономисі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp