Облыс орталығында “КМҒ” микронесиелік ұйымының жаңа 17-ші филиалының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Оған қаржы институттарының, мемлекеттік мекемелердің жергілікті басшылары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, жалпы сомасы 10 млн. теңгеге дейін несие алуға өтінім берген 30-дан астам “КМҒ” клиенттері қатысты.
Өзінің қызметін 1997 жылы бастаған “КМҒ” микронесиелік ұйымы қазіргі уақытта Орта Азия аймағындағы микроқаржыландыру мекемелері көшбасшыларының бірі болып табылады. Компания Қазақстанның ауылдық жерлері мен қалаларындағы шағын бизнестің қаржы қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Былайша айтқанда, жекеменшік секторларды дамыту, халықтың дәстүрлі қаржы қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын қаржыландыру міндеттерін шешеді.
“КМҒ”-ның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Өңірлерде 16 филиалы, ауылдық жерлерде 3 мыңдай елді мекенге қызмет көрсететін 74 бөлімшесі бар. Бүгінгі күні микронесиелік ұйым 110 мыңнан астам белсенді клиентке көмек көрсетеді. “КМҒ” қызметін бастағаннан бері жалпы сомасы 167 млрд. теңгенің 818 314 микронесиесін берді.
(Өз тілшімізден).