«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰЗДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

Соңғы кезде ауа райы құбылып тұр. Осыған орай өзен-көлдердің беттерінде қатқан мұз қалың болғанымен, берік емес.

Осыған орай облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Атап айтқанда, мұздың бетімен өзен-көлдерді кесіп өтпеу керек. Әсіресе, мұздың үстіне автокөлікпен шығу аса қауіпті. Кәсіпқой және әуесқой балықшылар мұз бетіне құтқару құралдарынсыз шықпағаны жөн. Су айдындарының маңайында балаларды қараусыз қалдыруға және оларға мұз үстінде ойнауға рұқсат беруге әсте болмайды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қараша айында ғана өңірдегі су айдындарында 4 балықшы суға батып кетті. Былтыр 4 автокөлік мұз астына түсіп кеткен болатын. Су астынан автокөліктерді алып шығу облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің міндетіне кірмейді. Олар тек адамдарды ғана құтқаратынын естеріңізге саламыз. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp