«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұны әрбір азамат түсінуге тиісті

Қазақстанның әрбір азаматы мынаны түсінуге тиісті: егер ол біреуге пара берсе немесе сон­дай деректі айтпай қалса, көрме­генсіп өтіп кетсе, яки жол бер­се, онда күні ертең біліксіз дәрі­гер­лермен беттесетін болады. Өйт­кені, ол дәрігер дипломды сатып алған болып шығады. Құлайтын құрылыстарға тап болады. Себебі белгілі, комиссия пара алып, үйді қабылдай салған және осы секілді жайттар шоғыры.

Ел ішінде аса екпінді ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарын ұйымдастыру керек. Халықтың санасына тереңдеп енген таптаурындарды сылып алып тастауға тиіспіз. Яғни, пара алу, әралуан схемаларға қатысып, биге шығу, соның жолдарын ойластыру дұрыс немесе өз мүмкіндігін пайдаланбаған адам ақымақ дегендей түсініктерге орын бол­мауы шарт. Әр адамның көз алдында өмірі өксіп кеткен парақор мен оның отбасының тағдыры елес беретін болсын.  

Нұрлан Ерімбетов,

Қазақстанның азаматтық Альянсының президенті.

(«Егемен Қазақстан», 2014 жылғы 10 қазан.)

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp