«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘРТЕБЕСІ НЫҚ

Петропавл қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасында мемлекеттік тілге арналған кеш өтті.

Шараның негізгі мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайтып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері турасында сөз қозғау болып табылады. Жиынды аталмыш басқарманың заңгері Бақытгүл Мұрат тілдің маңызы жөніндегі баяндамасымен ашты. Сондай-ақ, басқарманың бас маманы Толқын Шериязданқызы “Ана тілі туралы ой” атты өлеңін оқыса, Айнагүл Амантайқызы “Айналдым сені, атамекен” әнін нақышына келтіре орындап берді.  

Жиын соңында қатысушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм тартылды.

Манап БАЗАРБЕКҰЛЫ,

мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі нұсқаушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp