«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«МӨЛДІР МАХАББАТ» – ЖЫЛ ҚОЙЫЛЫМЫ

Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің «CRITICS AWARDS VII» жүлдесі аясында еліміздегі өнер ордаларына жүргізілген жылдық мониторинг қорытындысы жарияланды.

Оның аясында осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр­ған «Сыншылар жүлдесі» іс-шарасында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры сахналаған «Мөлдір махаббат» қойылымы «Шетелдік режиссердің жыл қойылымы» номинация­сына ие болды.

– Бұл жүлде – режиссер Айдар Заббаров пен театр ұжымының кәсіби ізденісі және ортақ еңбегінің нәтижесі. «Мөлдір махаббат» – көрерменнің жоғары сұранысы мен ілтипатына ие болған спек­такль. Классикалық туындының көркемдік ерекшелігі мен актер­лердің кәсіби шеберлігі көрген адамды тебірентпей қоймайды. Өт­кен мен бүгінді байланыстырған қойылым аз уақыт ішінде адам жанының ең нәзік қылын шертетін туындыға айналды, – дейді театр директоры Біржан Жалғасбаев.

Қос ғашықтың тағдыр тәлкегіне түскен өмір жолын баяндайтын әсерлі драма еліміздің бірқатар өңірлеріндегі, атап айтқанда, Алма­ты, Түркістандағы театрларда да сахналанған.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp