Елордалық дәрігерлер Петропавлда шеберлік сағаттарын өткізуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының нейрохирургі Азат Шпеков петропавлдық мамандарға ми ісігіне ота жасау тәсілін көрсетті. Миында көлемі 6 сантиметрдей ісік пайда болған 57 жастағы ер адамға 8 сағатқа созылған өте күрделі ота жасалды. Облыстық аурухана базасында мұндай ота алғаш рет жасалып отыр екен. Енді осындай сырқаттар жергілікті ауруханада емделетін болады. Ол үшін ауруханада материалдық-техникалық мүмкіндіктер толығымен жасалып, дәрігерлер Астанада арнайы курстардан өткен.