«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Облыста

Футбол маусымы тамамдалуға таяу қалғанда Петропавлдың “Қызылжар-СК” футбол командасының басшылығында тағы бір өзгеріс жасалды.

Клубтың басшылығы ауысып, Марат Оспановтың орнына еліміздің футбол жанкүйерлеріне есімі таныс Григорий Лория тағайындалды.

Осы тағайындауға дейін жерлес футболшылар бірінші топтың жарыс кестесінде тоғызыншы орын иеленіп тұрған еді.

Г. Лория – футболдың білікті маманы, аса талапшыл, қатаң тәртіп қалыптастыра білетін басшы. Ол бас жаттықтырушы Владимир Линчевскиймен тізе қоса отырып, ойын өрнегіне жаңалықтар енгізуді бірден қолға алды.

Клубтың жаңа басшысының іскерлігін мына жетістіктері айғақтайды. Ол басқарған жылдары Астананың “Жеңісі” қатарынан екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Алғашқы болып УЕФА жарыстарына қатысқан қазақстандық команда – осы “Жеңіс”.

Одан кейін Қарағандының “Шахтерінде” директорлық қызмет атқарғанда тағы да жолы болып, команданың “УЕФА”-да ойнауына қол жеткізді.

Ол елорданың “Локомотив” (бүгінгі “Астана” ) клубының директоры болған кезінде клубтың қаржылай жағдайын жақсартып, ойыншыларға берешектен құтылуына қол жеткізген еді. Осылайша жаңа басшы, биыл болмаса да, келесі маусымда жерлестерімізді жоғары топқа шығару үшін барын салуға бекініп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp