«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Озық тәжірибе жүзеге асуда

Облысқа «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова келді. Мейман білім берудің маңызды мәселелері талқыланған жиынға қатысып, жаңалықтарымен бөлісті.

Жергілікті Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен дөңгелек үстел барысында білім беру сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мәселелері кеңінен қозғалды. Әсіресе, ауылдық білім ордаларына ерекше мән беру керек. Бұл бағытта Назарбаев зияткерлік мектептерінің қосары көп.

“Біз қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлермен бірлесіп, «Ауыл мектебі» жобасын қолға алдық. Ол бірқатар өңірлерде жүзеге асуда. Мақсатымыз – ауыл мен қала мектептеріндегі білім беру сапасының айырмашылығын азайту. Қазақстанда бірыңғай стандарт бар. Бірақ әр жерде қалыптасқан жағдайға байланысты сапа айырмашылығы бар. Пандемияға дейін біраз мектептерге барып, сабақтарға қатысып, білім беру басқармаларының басшыларына ұсыныс жасадық. Қазір де тиісті жұмыс істеліп жатыр, – деді “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Соңғы 10 жыл көлемінде Қазақстан бойынша 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі іске қосылған. Дербес білім беру ұйымдары 2 мыңнан астам орта мектеппен серіктестік байланыс орнатып, бай тәжірибелерімен бөлісуде. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығметов Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне жоғары баға беріп, оны өзге білім беру ұйымдарына таратудың маңыздылығын атап өтті.

“ЖаҺандану дәуірінде жаңа технологияның дамуы өмірімізге қарқынды өзгерістер әкелді. Білім сапасына қойылатын талаптар – өте жоғары. Назарбаев Зияткерлік мектептері – әлемдік тәжірибені қолданысқа енгізген бірден-бір ұйым. Біз оны жалпы білім беретін мектептерде пайдалана білуіміз шарт,” – деді облыс әкімінің орынбасары Ғани Сақтағанов.

«Дөңгелек үстел» барсында, білім беру саласына салмағын салған пандемия, қашықтықтан оқыту мәселелері де қаралды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp