«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЙНАП ЖҮРІП, ОТ БАСҚАНДАР

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында лаңкестік әрекет туралы 5 жалған ақпарат тіркелген. Жұртты әуре-сарсаңға салған барлық “телефон лаңкестері” ұсталды.

Айыртау ауданының 18 жастағы тұрғыны өмірінің 9 айын қоныс-колониясында өткізетін болды. Жас жігіт “103” пультіне қоңырау шалып, аудандық орталық ауруханаға “жарылғыш заттың” қойылғанын хабарлаған. Шұғыл қызмет құрылымдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында лаңкестік акт туралы жалған хабар түсірген азамат анықталып, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласының 75 жастағы тұрғыны да жөнсіз әзілдеймін деп басы істі болды. Аудандық соттың шешімімен оған екі жылға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, зейнеткер жалған қоңырау бойынша келген арнайы қызметтердің материалдық шығынын өтеді.

Өткен жылдың сәуір айында Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны да жалған ақпарат үшін үш жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Руслан Мұхамбетжановтың айтуынша, бүгінгі күні жергілікті полицейлер жалған ақпарат берушілердің аты-жөндерін анықтайтын барлық техникалық мүмкіндікке ие.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp