«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЛАЙН-ЛАГЕРЬ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ 

Жуырда республикалық «Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасының білім беру онлайн-лагерінің тренингтері өтті.

Жобаның ұйымдастырушысы – Ұлттық Дельфий комитеті. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы арқасында жүзеге асырылды.
 Оқыту  жобаның зияткерлік викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен этномәдени бірлестіктердің 100 белсендісіне арналып «Halyk Tarihy» мобильдік қосымшасы арқылы өткізілді. 5 күн бойы тренингке қатысушылар көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үлгісінің негізгі аспектілері; тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды топтастыру;  қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа – қоғамдық пікірге әсер ету құралы деген бағыттарды қамтыды.
 Тренингтің нәтижесі бойынша 20 белсенді қатысушы  Soft skills  сұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолданбалы этносаяси зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. 
Бүгінгі таңда жоба аясында Ұлттық Дельфий комитетінің  әлеуметтік желілерінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, жастардың бірыңғай құндылықтарын, бірыңғай тарихи санасын қалыптастыру бойынша білім беру бейнедәрістері орналастырылған. Әрбір көңілі қалаған жан Ұлттық Дельфий комитетінің «youtube»-арнасындағы материалды тыңдай алады.
 Жастар арасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында жоба аясында Ұлттық Дельфий комитеті тұлғаның эстетикалық және зияткерлік дамуына бағытталған онлайн шеберлік  сағаттарын өткізді. Жоба спикерлері – профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Байқоңыр Ижанов, қоюшы режиссер, қоғам қайраткері Мейіржан Әлиақбаров және т.б. белгілі тұлғалар.
 Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, аталған жобаны өткізу қазақстандық жастар арасында әлеуметтік бірлік, мәдени мұра және этникалық ынтымақтастық құндылықтарын кеңінен ашуға мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp