«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОН ТӨРТ ЖӘШІК ІШІМДІКТІ ҚАЛАЙ ІШПЕК?

Есіл ауданында учаскелік полиция инспекторы үй-үйді аралап тексеру барысында бір үйдің ауласына арақ түсіріліп жатқанын байқайды. 35 жасар ауыл тұрғыны 14 жәшік ішімдікті өз керегіне жарату үшін сатып алғанын айтқанымен тәртіп сақшыларын сендіре алмады. Оның үстіне 240 шөлмектің бір де біреуінде акциздік маркасы және тасымалдау құжаттары болмай шыққан. Ауыл тұрғыны тәртіп сақшысының сұрақтарына жауап бере алмады. Мемлекеттік сапа бақылауынан өтпеген спирттік ішімдік ел аумағына қалай жеткізілгенін енді полицейлер анықтайтын болады.

Ащы су” тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл жыл басынан бері облыста тәркіленген “ащы судың” ең ірі көлемі болып табылады. Жалпы өңір полицейлері заңсыз айналымнан 81 литр ішімдік тәркіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp